Бұлшықет ауыруы
Бұлшықет ауыруы, немесе миалгия, әртүрлі аурулар мен күй-жағдайларда мазалауы мүмкін. Кейбір жағдайларда ол қауіпті дерттердің симптомы болуы ықтимал, алайда жиі кездесетін себептердің ішінде спорттық жүктемелерге байланысты факторлар, крепатура, жарақаттар, сондай-ақ бұлшықет-тоникалық синдром атауға болады. Бұлшықет ауырсынуының алдын алуға бола ма және ауырсыну пайда болған жағдайда өзіне қалай көмек көрсетуге болады ― осы мәселелер біздің материалда осы туралы айтамыз.
Бұлшықеттер қалай құрылған
Бұлшықет көптеген қозғалтқыш талшықтардан тұрады, олар жүйке импульсіне жауап ретінде жиырылып және босаңси алады. Бұлшықеттердің бірнеше түрі бар: қаңқа бұлшықеттері (қол-аяқ, тұлға, бет және т.б.), тегіс бұлшықеттер (қан тамырлары, ішек, өңеш және басқа ағзалар), жүрек бұлшықеті немесе миокард деп жеке бөледі.
Сондықтан олар спорттық жарақаттардың негізгі нысанасы болып табылады және жүктемеден кейін ауырады.
Неліктен бұлшықет ауырады
Қаңқа бұлшықеттерінің ауырсынуы әртүрлі себептерден туындайды, алайда көбіне жаттығу техникасының бұзылуы немесе шамадан тыс жүктемеге байланысты болады. Бұл жағдайларда бұлшықет талшықтары зақымдалады. Олардың микротравматизациясы мен кейінгі қабыну реакциясы жүктемеден кейінгі ауырсынудың негізгі себебі болып саналады.
Бұлшықет ауырғанда қалай көмек көрсетуге болады
Спорттық жарақаттардан туындаған ауырсынуды көп жағдайда өз бетінше жеңілдетуге болады. Ол үшін мына әдістер қолданылады:
  • жылы суға түсу
  • босаңсытатын массаж
  • жеңіл жаттығу
  • созылу жаттығулары
  • жүктеменің жиілігі мен қарқындылығын азайту1.
Бұл әдістің тиімділігі ғылыми плацебо-бақыланған зерттеулерде дәлелденген: жергілікті СҚҚД қолдану жаттығудан кейінгі бұлшықет ауырсынуының қарқындылығын айтарлықтай төмендетеді [2]. Жергілікті дәрілерді қолдану ішке қабылдаумен салыстырғанда қауіпсіз ― себебі жүйелік жанама әсерлердің қаупі барынша азаяды. Бұдан бөлек, жергілікті СҚҚД әсерін ауырсыну аймағына тікелей тигізіп, жылдам нәтижеге қол жеткізеді.
Егер ауырсыну басылмаса, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз.
Басқа теориялар да бар: мысалы, бұлшықетте сүт қышқылының жиналуы, байламдар мен фасциялардың зақымдануы, электролиттік теңгерімнің бұзылуы немесе бұлшықеттің ұзақ уақыттық спазмы ауырсынуды күшейтуі мүмкін. Дегенмен, қазіргі таңда қабыну теориясы ең кеңінен таралған.

Жаттығудан кейінгі ауырсынуды халық арасында крепатура, медицинада ― кешігіп пайда болатын бұлшықет ауырсыну синдромы (DOMS ― Delayed Onset Muscle Soreness) деп атайды. DOMS әдетте жүктемесі әдеттегіден өзгеше жаттығудан кейін 12–24 сағаттан соң білінеді. Ауырсыну 3-тәулікте ең жоғары деңгейге жетеді, көбіне қозғалыс кезінде немесе бұлшықетке басқанда сезіледі, тыныштықта сирек мазалайды.

Сондай-ақ, спортпен байланысты емес келесі күй-жағдайлар да бұлшықет ауырсынуын туындатуы мүмкін:

миофасциалдық ауырсыну синдромы
  • миозит
  • жұқпалы аурулар
  • жүйелік аутоиммундық аурулар
  • неврологиялық аурулар
  • жетіспеушілік жағдайлары
  • фибромиалгия және басқа да көптеген дерттер.

Осыған байланысты, егер бұлшықетіңіз кез келген аймақта ауырса, ауырсыну ұзаққа созылса, дене қызуының жоғарылауымен, әлсіздікпен, аяқ-қол қозғалысының бұзылуымен, аяқ астынан пайда болған және айқын ісінумен немесе әдеттегіден күштірек ауырсынумен қатар жүрсе, міндетті түрде дәрігерге жүгіну қажет.
Құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты әрбір бұлшықет талшығының өзіндік функциясы бар және түрлі қозғалыстарды қамтамасыз етеді. Алайда тек қаңқа бұлшықеттері адамның ерік-жігеріне бағынады.
Дәрілік заттарды қолдануды жеке бөліп көрсету керек. Жаттығудан кейінгі бұлшықет ауырсынуы жүйелік препараттарды талап ете бермейді. Алайда өмір сапасын жақсарту үшін жергілікті қолданылатын стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді (СҚҚД) пайдалану тиімді болып табылады, мысалы, диклофенак негізінде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
  1. Cheung K, Hume P, Maxwell L. Delayed onset muscle soreness : treatment strategies and performance factors. Sports Med. 2003;33(2):145-64 https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/ 12617692/
  2. Singla N, Desjardins PJ, Cosca EB, Parulan C, Arriaga A, Poole KC, Batz DM, Chang PD. Delayed-onset muscle soreness: a pilot study to assess analgesic study design features. Pain. 2015 Jun;156(6):1036-1045.  
Ұсынылған мақалалар